(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Осы редакция 2005 ж. 21 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Ғылым

министрi - Ғылым академиясы

1997 жылғы 26 мамырдағы № 118

бұйрығымен  

бекітілді

 

Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар
мен  дарынды жас ғалымдарға мемлекеттік стипендиялар
төлеу  тәртібі  туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

(ҚР Білім және ғылым министрінің 2005.19.05  № 312 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

 

1. Бұл Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 ж. 09.12 № 1501 қаулысымен бекітілген мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы Ереженi орындау үшiн шығарылды (ҚР ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 50, 488-бап).

2. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар мөлшерi және оны алу үшiн конкурс өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандар және дарынды жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы" 1996 ж. 28.08. № 1063 қаулысында белгiленген (ҚР ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 35, 338-бап).

ҚР Білім және ғылым министрінің 2005.19.05  № 312 бұйрығымен  3 тармақ жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара) (жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

3. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар стипендиаттарға белгіленген мерзімдерде карт-есепшотына немесе дербес есепшотына аудару жолымен төленеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2005.19.05  № 312 бұйрығымен  4  тармақ жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара) (жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

4. Мемлекеттік ғылыми стипендияны төлеуді тиісті ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңестің ұсынымы негізінде стипендиаттың өткен жылғы жүргізілген жұмыстары туралы есебін тыңдап, бірінші жылы өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тоқтатуы мүмкін.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2005.19.05  № 312 бұйрығымен  5 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара) (жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.